АУДАНДА “ТАЗА МАҚАТ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ

(0 Votes)

 Бүгін ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, “Таза Қазақстан” акциясы аясында «Таза Мақат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанаты өтті.

 Ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның көркеюіне, тазалығына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын жаңа кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Құттықтаулар легін жалғаған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Жоламанов ізгі-тілегін білдіріп, “Таза Мақат” коммуналдық мекемесі аудандағы тазалық ісін жандандырарына сенім білдірді.

Әрі қарай аталған мекеменің салтанатты түрде лентасы қиылды.

Айта кетейік, «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза Мақат»коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2025 жылдың маусым айында құрылған болатын.

Мекеме теңгеріміне беруге арнайы облыстық бюджет есебінен  тиісті қаражат бөлініп, 17 қажетті арнайы техникалар сатып алынған.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT