Жуырда Атырау қаласында өткен №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ашық турнир өтті. Турнирдің басты мақсаты - бұқаралық спорт түрін дамыту, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Аталмыш турнирге Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Мақат» командасының 2013-2015 жылғы ойыншылары қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Мақат» командасының 2013 жылғы туған жасөспірімдері I орынды иеленіп, алтыннан алқа тағынды. Ал 2015 жылы туған жасөспірімдер үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі II орынды иеленді.
Сондай-ақ жарыста қырағылығымен көзге түскен аяқдопшылар арнайы номинацияларымен марапатталды. Атап айтқанда, Самғат Самат пен Асылбек Амандық «Үздік сұрмерген» атағын иеленді.
Осылайша, аудан аяқдопшыларының асығы алшысынан түсіп, екі бірдей орынды қанжығасына байлады.
Аудан атын көпке танытып жүрген спортшыларымызға сәттілік серіктеріңіз болсын дейміз!
Ж.Нұрбегісқызы