МАҚАТТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР БЕЙНЕУ ТӨРІНДЕ

(0 Votes)

Ауданның 100 жылдығы қарсаңында аудан өнерпаздары Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына гострольдік сапар жасап, концерттік бағдарламасын ұсынды. 

Аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов бастап барған кеш қонақтарын Бейнеу жұрты салтанатты түрде қарсы алды.

Өз кезегінде алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлы Бейнеу ауданының тұрғындарына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Әрі қарай Мақат аудандық "Халықтық" ұлт аспаптар оркестрі концерттік бағдарламаны ашып, оркестрдің сүйемелдеуімен "Мәдениет саласының үздігі" Кенжебике Тулебаева "Сәулем-ай" және "Әриайдай" халық әндерін шырқады.

Сонымен қатар, "ДосАРТ" және "Қыздар" триолары, Ақболат Отаубаев, Азамат Елубаев, Ақылбек Тілеуқұлов, Қуаныш Есенжан, Раушан Алиева, Гүлнәр Ишанғалиева әуезді ән орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ, "Шаттық" пен "Балауса" би топтары мың бұралған билерімен көпті тәнті етіп, дәстүрлі әншілер Жасұлан Базарбаев пен Берік Амантаев, Ақмарал Наурызова , "Мөлдір мұнай" фольклорлық ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

Мерекелік концерт соңы "Мақатым менің мақтанышым" әнімен аяқталды.

Шара соңында жиналған халықтың ыстық ықыластарына бөленген аудан өнерпаздарына Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалабаев ықылас гүлін табыс етті.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT