Атырау «Жастар» театры «Жәннат» драмалық қойылымын ұсынды

Атырау «Жастар» театры «Жәннат» драмалық қойылымын ұсынды
Сурет автордікі
(0 Votes)

Жақында аудандық мәдениет үйінде шымылдығын жаңа түрген Атырау жастар театры алғашқы сапарын киелі мұнайлы мекеннен бастап, қоюшы режиссер Мұханғали Томановтың терең мағыналы «Жәннат» атты қойылымын қалың көпшілікке ұсынды.

«Жәннат» қойылымында бір отбасының арқасүйер ер-азаматы дүниеден озғаннан кейінгі, жалғызбасты ананың басынан өткен оқиғалары бейнеленеді. Жарық дүниеде орнын ештеңе толтыра алмас нәрсе, ол ата-ананың аялы алақаны, жылы жүрегі, мейірімді жанары. Тек оны бағалап жүрміз бе? Қадіріне жеттік пе? Қойылым осы өзекті мәселелер негізінде сахналанады.

«Жәннат» драмалық қойылымы ата-ананың орнын ешкім баса алмайтындығын, адам өмірінде отбасыдан артық ештеңе жоқ екендігін бейнелейді. Бір үйдің шеттей алты баласы әкеден айырылып, бір қанаты қайысып, аналарымен қалады.

Үш ұл мен үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана балаларына тәрбие мен білім беріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бір анадан туған алты бауыр: Сүйініш,Қанағат, Жұбаныш, Гаухар, Інжу, Маржан.

Толығырақ газетіміздің №27 санынан оқи аласыз!

Ж.Қамза

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT