Мақаттықтар Асанәлі Әшімовпен кездесіп, «Тағдыр тақтасы» қойылымын тамашалады

(0 Votes)

Өткен жұмада ауданымызға Қазақстанның еңбек ері, өнер қайраткері, КСРО-ның халық әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, театр және кино өнерінің мақтанышы Асанәлі Әшімов келді.

Биыл өнер қайраткері 85 жасқа толып отыр. Соған байланысты, сахнада актердің өзі жетекшілік ететін «Жаңа ғасыр» театры  оның өмір жолынан сыр шертетін «Тағдыр тақтасы» атты қойылымын аудан тұрғындарының назарына ұсынды.  Актердің жүріп өткен жолдары мен өнегелі өмірі туралы сахна келген жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды.

9824475a-b28d-4a5f-840e-61a87144a558

Әсерлі қойылым соңында аудан әкімі Ринат Хисаұлы арнайы құттықтау лебізін білдіріп, мұнайлы ауданымыздың атынан ат мінгізіп, шапан жапты. Одан бөлек, жұбайы Бағдат Әшімоваға комзол кигізіп, ерекше құрмет көрсетті.

«Бүгін аты аңызға айналған өнер иесімен дидарласып отырғанымызға қуаныштымыз. Өміріңізден сыр шертетін қойылым өскелең ұрпақ үшін үлгі боларлықтай туынды. Аудан жұртшылығы да сіздің өнер жолындағы өміріңізбен танысып,  ерекше күйге бөленді деген ойдамын. Осы сәтте, сізді мерейлі 85 жасыңызбен құттықтаймын! Әрқашан деніңіз сау болып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіз!» - деді аудан әкімі Ринат Ибрагимов.

fb147250-e181-485a-ad01-eba760ab8b53

Сондай-ақ, көрермен жүрегінен орын алған қойылымды көрсете білген театр актерлеріне аудан әкімі атынан ықылас гүлі тарту етілді.

a20992ec-dd4e-47bc-85af-a3774c92be20

Аудандық мәдениет үйінде өткен кеш соңында мерейтой иесі қорытынды сөз алып, аудан жұртшылығының өнерге деген сүйіспеншіліктері үшін өз алғысын білдірді.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT