Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тамыз айының 26-29 аралығында бокстан қалалық ашық біріншілік өтті. 2007-2008 және 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарысқа қатысқан Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас былғары қолғап шеберлері жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтсақ, 60 келі салмақта Исламбек Беркінғали, 46 келі салмақта Ерлан Қайырғожа, 36 келі салмақта Әлихан Қанатұлы І орын иеленсе, 63 келі салмақта Тамерлан Қожамұрат, 42 келі салмақта Бекзат Сембай, 40 келі салмақта Әбілмансұр Алдаберген, 36 келі салмақта Нарұл Руслан ІІ орыннан көрінді. Ал, 40 келі салмақта Бағдат Амандық ІІІ орынды місе тұтты.
Сондай-ақ, ринг төрінде атой салған Әлихан Қанатұлы «Үздік жекпе-жек» және Бекзат Сембай «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинацияларымен марапатталды.
Бокс тобының жаттықтырушылары Нұрсейіт Аюпов, Парасат Құлмұханов, Амангелді Қобдабаев, Қазыбек Сапенов бастаған боксшылар аталмыш жарыста командалық есеп бойынша үшінші орынға тұрақталды.
М.СЕРІКҚЫЗЫ