ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ҚОҒАМ

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» акциясы - елімізді көркейтіп, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыратын әлеуметтік жоба ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Бұл бастама қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған игі іс ретінде кең қолдау тауып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында аталмыш акцияның маңыздылығына ерекше тоқталып, оның ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз», - деді Президент.

Иә, ауданымызда да акция аясында көптеген тазалық жұмыстары өткізілуде. Қолайсыз ауа-райына қарамастан, тұрғындар мен еріктілер ауданымызды тазалап, қоқыстарды жинап, көшелерді ретке келтіріп жатыр.

Бұл тәртіп пен мәдениеттің көрінісі. Әр тұрғын өз жауапкершілігін сезініп, тазалықты өзінен бастаса, еліміз таза, ауданымыз көркем болары сөзсіз.

Қуаныш Әбуов,

кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT