Өткен ғасырдың өрнекті ізі мен тарихи мұраларын бүгінгі ұрпаққа жеткізетін рухани қазына - музейлер. Тарихтың үнсіз шежіресін сақтаған бұл орындар елдің мәдени-рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сондықтан музей ісін дамыту - уақыт талабынан туындаған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан да тыс қалмады. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Президент музей ісін жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде дамыту қажет екенін атап өтті.
Бұл - ұлттық мұраны сақтап қана қоймай, оны жаңа буынға насихаттаудың нақты көрінісі. Біздің өлкемізде де Доссор кентінде өткен тарихтан сыр шертетін, ел жадын жаңғыртатын тарихи-танымдық музей бар.
Бұл орын өңірдің шежіресін танытып, өткен дәуірдің құндылықтарын дәріптейтін маңызды мәдени орталықтардың бірі саналады.
Алдағы уақытта Доссордағы музей ісін одан әрі дамытып, базасын жаңғыртып, қорлары толықтырылса - жас ұрпақтың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттары сөзсіз.
М.Әнесұлы,
аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы



