Ең үздік өнерлі жұп

Ең үздік өнерлі жұп
(0 Votes)

Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастарды өнер қырынан тану, әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау мақсатында дәстүрге айналған «Tolqyn music -2024» мега жобасы өтті.

Аталмыш жоба екі бағыт бойынша ұйымдастырылып, ретро және еркін тақырыптағы әндердің орындалысы негізге алынды.

«Tolqyn music - 2024» мега жобасына 8 жұп қатысып, өздерінің вокалдық өнерлерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Нәтижесінде бас жүлдені Ақболат Отаубай мен Лейла Садуақасова иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал жүлделі I орынды Асылбек Ахметов мен Әсем Тоқсанбаева иеленіп, көрермен көзайымы атанды.

Жүлделі II орынмен Дәулет Жақыпов мен Қасымхан Амангелді жұбы марапатталып, әдемі өнер көрсетті.

III орынды Жансая Аяпбергенова мен Айнагүл Ғарифоллаева, Ақылбек Тілеуқұлов мен Бекзат Алмағалиев жұптары еншіледі.

Сонымен қатар, мега жоба қатысушылары арнайы алғыс хаттар және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521