АУДАН ӘКІМІ ЖАС СПОРТШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАС СПОРТШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
фото: автордікі
(0 Votes)

 Жақында Шымкент қаласында өткен АУДАРЫСПАҚТАН жасөспірімдер арасындағы XII Қазақстан Республикасының чемпионатында 82 кг салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ғарифолла Бекзат жүлделі I орынды иеленген болатын. 

Осыған орай бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов ауданның ғана емес, облыстың намысын қорғаған жас спортшыны қабылдады.

Аудан басшысы кездесу барысында құттықтау тілегін жеткізіп, спортшыларға қашанда қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, жас спортшыға алдағы республикалық, халықаралық сайыстарда топ жаратындығына сенім білдіріп, арнайы алғыс пен естелік сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде аудан әкімдігіне ризашылығын білдірген Бекзат қазіргі таңда облыстық көкпар ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқандығын айтып, жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, Бекзат бүгінде аталған спорт түрінен Атырау облысынан шыққан тұңғыш жеңімпаз.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521