Ауданның жас аяқдопшылары спорт шеберіне үміткер атанды

(0 Votes)

Мақат кент әкімі Е.Ермағамбетов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Исполов жас спортшыларға Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының 2022 жылдың 21 маусымдағы №760 бұйрығымен футболдан «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер» спорттық атағына ие болған оқушыларға куәліктер табыстады.

Аталған шараға Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысты.
Айта кетейік, биылғы жылы ауданның жас спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Мәселен, наурыз айында өткен футзалдан 13 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі II орын алса, мамыр айында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай өткізілген жарыста және маусымның 3-15 аралығында Жаңатас қаласында өткен республикалық турнирде чемпион атанды.
Айта кетейік, бұл тұста үздіксіз дайындық пен жаттығулардың арқасында жеңіс тұғырынан көрініп жүрген аяқдопшыларымыздың бапкерлері Ержан Шарафиев пен Әнуар Теңдібайдың еңбегі зор.
Аудан абыройы мен мерейін асқатып, ала допты серік еткен болашақ чемпиондарды алдағы жарыстарда тек биік шыңдардан көре берейік!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521