Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Байзақ ауданының білім бөлімінің Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі ІІ Республикалық "Ағайынды бауырлар" фестивалін ұйымдастырды.
Өнер додасының мақсаты бір жанұяның қосымша білім беру ұйымдарында және жалпы орта мектептерде білім алып жатқан балаларының бір-біріне деген жауапкершілігін арттыру, үйде бірге дайындалуына ықпал ету және музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту еді.
Аталған сайыс Рысбай Ғабдиев атындағы Доссор балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін табысты болды. Нақтырақ айтқанда, Мейрамбек Ғинаятовтың жетекшілігімен қатысқан Әділет және Аманбек Естаевтар бас жүлдені қанжығаларына байласа, Айгүл Дюсенғалиеваның ұстаздығымен бәсекеге түскен Нұрдәулет және Кәусар Ұлықпандар мен Әли Мырзамғали 1 орынды жеңіп алды.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғайни Болатқызы шәкірттерінің болашағынан көп үміт күтетінін айтып өтті.
А.Есжан