Аудандық мәдениет үйінің жас өнерпаздарының «Өнерлі балғындар» атты есеп беру концерті өтті.
Әр жанр бойынша өнерлерін ортаға салған «Шаттық», «Сымбат» би топтарының бишілері көрмендерін таң қалдырды.
Сондай-ақ, «Креатив» жастар театры, драма, ән, дәстүрлі ән, гитара үйірмесінің оқушылары да өз өнерлерімен ерекшеленді.
Дизайнер Б.Арыстанов жетекшілік ететін «Алтын ине» қолөнер үйірмесі ұсынған сән үлгісі де көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Өнерпаздардың бұлай жарқырап, сахнада өнер көрсетуі, әрине жетекшілердің еңбегінің жемісі екені анық.
Есеп беру концертінің соңы П.Ермишевтің «Цвети, земля моя!» әнімен аяқталып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Өз тілшіміз