Бұл апта ауданның өнерсүйер қауымы үшін жемісті апта болды. Күннің алғашқы жартысында ақын қызбен қауышса, түс ауа аудандық мәдениет үйінде белгілі айтыскер ақын, әнші, сазгер Жәкен Омаровтың «Біздің елдің жігіттері» атты ән-жыр кеші өтті.
Мәдениет үйінде өткен кеш екі бөлімді қамтыды. Алғашқы бөлімде Майлықожаның, Нартайдың жыр термелері, әуен-мақамдарын өз нұсқасында айтса, екінші бөлімде ақынның әндерін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауында тыңдалды.
Ж.Қазыбекұлы кешке келген көрерменін сырнай және домбыраның құлағында алма-кезек шебер ойнауымен еліктіріп әкетті.
Көпшілік қауым концерттен ерекше әсер алып, жыр-терменің үнін тамсана тыңдап, жақсы әсерде тарқасты. Кештен керемет әсер алып, терме үніне қанықты.
Кеш соңында аудан әкімі Ш.Кейкин сахнаға көтеріліп, алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Ауданның 95 жылдығынан естелікке арнайы сый-сияпаттарын табыс етті.
А.ТАУМҰРЫНОВА.
сурет автордікі.