Ауданда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтті

(0 Votes)

 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараның алғы сөзін сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Е.Ермағамбетов мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, бір топ мәдениет қызметкерлерін және мәдениет жанашырларын аудан әкімінің алғыс хатпен марапаттады.

Одан әрі шараға арнайы қатысқан «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» бірқатар қызметкерлерді марапаттап, мерейлерін тасытты.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Исполов та сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, алғыс хат табыс етті.

Шараның соңы қаладан арнайы шақырылған өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасын тапты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521