Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30жылдығы аясында бірлік күні мерекесіне орай жаппай жүгіруден «Бірлік марафоны» өтті.
Аталмыш шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы келген көпшілікті атаулы мереке бірлік күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әрі қарай республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпазы Аманжол Құлсариев марафон қатысушыларына жүгіру алдындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын көрсетті.
Осы ретте қатысушылар алдымен «Аманат» ғимаратынан бастап өрт сөндірушілер ғимаратына дейінгі шақырымды басып өтті.
Шара соңында аудан әкімі Азамат Мамбетов қатысушыларға арнайы дипломдар мен төсбелгілерін табыстады.
Г.Жұбанышқалиева