«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» жастар арасында пікірсайыс

(0 Votes)

UTEBAYEV UNIVERSITY – 9 желтоқсан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында университетімізде жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған мазмұнды дебат турнирі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – студенттер арасында адалдық қағидатын қалыптастыру, жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін түсіндіру және жаңа буын өкілдерін әділдікті қорғауға ынталандыру.

Турнир барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі ашықтық, жауапкершілік тақырыптарында пікір таластырып, нақты мысалдар мен дәлелдерді ортаға салды. Дебат студенттердің шешендік қабілеттерін арттырып қана қоймай, оларды азаматтық позициясын қалыптастыруға бағыттады.

Нәтижесінде:
1-орын – Микс командасы
2-орын – Ақпараттық технологиялар факультеті
3-орын – Мұнай және газ факультеті
Сондай-ақ ерекше белсенділік танытқаны үшін Индустриалды технологиялық факультетіне Алғыс хат табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Адалдық – әрқайсымыздан басталатын құндылық. Университетіміз жастарды әділдік пен парасаттылық рухында тәрбиелеуді жалғастырады.«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» жастар арасында пікірсайыс

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT