СПОРТШЫЛАР - ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

(0 Votes)

Бүгін “Бақ-ырыс” мейрамханасында “Maqat Sport Awards” атты аудан спортшыларына арналған спортшылар балы өтті.

Шараның ашылуында аудан спортшыларының қол жеткізген жетістіктері бейнеленген бейнеролик көрсетілді. 

Одан кейін сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова өңірде бұқаралық спортты дамытуға айрықша назар аударылып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, аудан намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларға облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйлықтарын табыстады.

 Кеш барысында спортшыларға арналған дастархан жайылып, аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттерді түсірген Б.СЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT