Мақаттық футболшылар ауыл ойындарының күміс жүлдегері атанды

(0 Votes)

Жетісу облысында ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарындағы футбол сайысы облыс құрамасы үшін сәтті аяқталды.

Мақат және Құрманғазы аудандары оқушыларынан құралған облыс құрамасы алғашқы ойында топтан екінші нәтижемен шыққан болатын. Бірінші ойын Маңғыстау облысы командасымен 1:1 есебімен тең аяқталса, екінші ойында Ақтөбе командасын 3:2 есебімен, топтағы соңғы ойында Павлодар командасын 3:1 есебімен ұтқан еді.
Ширек финалдық бәсекеде Атырау құрамасы Қостанай облысының командасымен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында команда сапындағы жергілікті жас спортшы Нұрәли Қайратұлы мен құрманғазылық Айбар Хайыржанов ерекше көзге түсті.
Жартылай финалдық бәсекеде жергілікті футболшылар алаң иелері Жетісу облысының командасымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қақпашы берген допты сәтті пайдаланған құрманғазылық Данат Айтжановтың баспен соққан добы ойынның нүктесін қойды.
Ал, финалдық бәсекеде Атырау құрамасы Алматы облысының командасымен ойнап, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында қарсылас командаға есе жіберіп алды. Ақтық сындағы голды Данат Айтжанов салған болатын. Осылайша Мақат пен Құрманғазы ауданының жастарынан құралған Атырау футбол командасы ауыл ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл ойында Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол үйірмесінің шәкірттері Нұрдәулет Амангелді, Нұрәли Қайратұлы, Досымжан Нұрболұлы, Расул Ерболұлы, Арсен Нұрболұлы, Жанмұрат Амандос, Нияз Алпысбай бақ сынаған болатын.
Ал, ойынға балаларды жергілікті бапкерлер Ержан Шарафиев, Ануар Теңдібай және құрмангазылық Мейрам Шакупов дайындады.

0bd7d0d9-e273-4604-803d-50fe6dd0b217

0cae0364-8f9a-43d9-b2cb-3ef101fde00b

8e6feb51-d5e3-4f18-a529-df4ddfb87c75

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521