Ардагерлеріміздің асығы алшысынан түсті

(0 Votes)

Тарихы әріден басталатын асық ату ойынынан ел біріншілігі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді. 2011 жылы ереже бір жүйеге келтіріліп, қарқынды даму алды. 2017 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді. Міне, бүгінде үлкендермен қатар, жастардың да қызығушылығы күрт артып отыр.

Атырау қаласында 8-9 шілде күндері  ардагерлер арасында асық ату мен бес асықтан облыстық чемпионат өтті.

Екі күнге созылған бәсекеде ерлер асық атып жарысса, әйелдер жағы бес асықтан сайысқа түсті. Ереже бойынша әр командадан үш ойыншыдан қатысып, өздерінің ептіліктерін, көз мергендігін, дәлдігін, жылдамдығын танытуға ұмтылды.

whatsapp-image-2021-07-15-at-11_15_34

Жарыс қорытындысы бойынша, аудан командасы ерлер арасында асық атудан 1 орын, әйелдер арасында бес асықтан 3 орын иеленді.

А.Таумұрынова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT