НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында шаршы алаңға жеті қазақстандық шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
9 қыркүйек күні алауы тұтанған әлем біріншілігінде қазақ былғары қолғап шеберлері жеңіліссіз келе жатыр. Чемпионатқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 8 салмақ дәрежесі бойынша 8 боксшымыз қатысуда. Атап айтар болсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Қайрат Ералиев, 63 келіде Зәкір Сафиуллин, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғауда.
Бүгін, яғни 17 қыркүйекте жеті салмақ дәрежесі бойынша 1/8 финалдық кездесулер өтеді.
Күндізгі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады):
А ринг
63 келі - Зәкір Сафиуллин - Энди Крус (Куба)
B ринг:
52 келі - Сәкен Бибосынов - Уберчен Мартинес (Колумбия)
91 келі - Василий Левит - Марат Григорян (Украина)
Кешкі сессия (Нұр сұлтан уақытымен 20: 00-ден):
А ринг
69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Ник Сыра (Германия)
81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Keno Machado (Бразилия)
+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Кадфа (Испания)
B ринг
57 келі - Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд).
Материал: ашық дереккөзден