12-17 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР V Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еліміздің 17 өңірі өзара мықтыны анықтаған төртжылдықтың бәсекесінде Атырау облысы құрамасы 22 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен алтыншы орынға ие болды. Cпорттың жеті түрі бойынша өткен додада 53 жерлесіміз бақ сынады.
Отырып ойнау волейболы командасы 13 құрама арасынан үздік шықты. Парадзюдошыларымыз да еліміз бойынша мықты екендерін дәлелдеп, 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен бірінші орын алды. Үстел үсті теннисі командасы 6 алтын және 1 күміс медальмен көш бастады.
Жеңіл атлетика, мылтық ату, жүзу секілді спорт түрлерінен де облыс спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі