Атырау қаласындағы ірі сауда орталығы ұйымдастырған ұтыстың жеңімпазы анықталды – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Тамаша» сауда орталығы әкімшілігі ұйымдастырған ұтыс 24 маусымда басталды. Ойын шарты бойынша Сovid-19-ға қарсы екпе алғандар лоторея билетін алып, тіркеуден өткен. Нәтижесінде, құны 500 мың теңгені құрайтын туристік жолдаманы Аида Шайхиева ұтып алды.
– Өте қуаныштымын! Осыдан бір ай бұрын өз денсаулығым үшін вакцина салдырғанмын. Бірак, мұндай тосынсый күтпедім. Ұйымдастырушыларға рахмет – деді, ол.