Ұлт денсаулығы – ел болашағының кепілі

Ұлт денсаулығы – ел болашағының кепілі
фото: https://trendnews.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайтуға және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру міндетін қойды.

Соның ішінде ана мен бала денсаулығына ерекше назар аударылуы – қоғамның болашағына жасалған маңызды қадам. Себебі дені сау ұрпақ – мемлекеттің ертеңгі дамуының кепілі. Ана мен баланы қолдау бағытындағы кешенді шаралар денсаулық сақтау саласының сапасын арттырып қана қоймай, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етеді.

Жаңа бастамалар арқылы перинаталдық көмек көрсетудің деңгейі артып, балаларға арналған медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңеймек. Бұл әсіресе ауылдық елді мекендер үшін өзекті. Президенттің ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту туралы тапсырмасы ел арасында оң өзгерістерге жол ашады.

 

Эльмира Ибраймова

аудандық аурухананың жоғары санатты мейірбикесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT