Кешенді өзгерістер - қолжетімді медицина кепілі

Кешенді өзгерістер - қолжетімді медицина кепілі
(0 Votes)

Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар оң өзгерістер орын алуда.

Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмалардың бірі болатын.

Соған сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық мәселелерді шешу турасында кадр даярлауды күшейту, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және цифрлық трансформацияны дамыту мақсатында  ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау Министрі Ақмарал Әлназарова ауданға арнайы келген жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесуде де айтқан болатын.

Сол жиында тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмек бағасын реттеу, квота санын көбейту және кадр тапшылығын жою қажеттігін баса айтып өткен болатын.

Халықпен кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілетінін жеткізген еді.

Міне бүгін ол өзінің “Жүйелі реформалар еліміздегі медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қалай арттыруда?” атты баяндамасын жариялап, халықтың базынасына құлақ түрілгендігін көрсетті.

Бұл денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Ендігі жерде аталған кешенді жұмыстар өз нәтижесін берсе, медициналық қызмет сапасы айтарлықтай жақсарады деп ойлаймын.

 

Ботакөз Асхатқызы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT