Сырқаттанушылықтың өсімі барлық өңірлерде байқалады

(0 Votes)

Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Денсаулық сақатау министрі Ажар Ғиният елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Қазақстанда КВИ аурушаңдығының өсуі тіркелуде. Соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда науқастар саны 10 мың жағдайдан 34,5 мың жағдайға дейін, 3,2 есеге өсті. Өсім барлық өңірлерде байқалады.

«Бағалау матрицасына сәйкес бүгінде сары аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, қалған өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне 3000-ға дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайлары тіркеледі. Қазіргі КВИ түрі ауру жеңіл түрде өтуде, бірақ қауіпті топқа, яғни аурудың қатаң түрімен ауыратындарға жүкті әйелдер, 60-тан асқан егде адамдар, созылмалы, қосалқы аурулары бар науқастар, сонымен бірге КВИ қарсы егілмеген адамдар жатады», - деді министрі.

ДДҰ мәліметтері бойынша, соңғы аптада әлемнің 69 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Оның ішінде Ресейде 68%-ға, Венгрияда 40%-ға, Грузияда 20%-ға, Польшада 13%-ға өсті, дүниежүзінің үш ұлкен өңірінде коронавирус инфекциясы кеңінен таралуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT