Мәдениет қызметкерлері екпе ектірді

(0 Votes)

Қазіргі таңда қоғамдағы ең көп талқыға түсетін тақырып вакцинация десек қателеспеспіз. Әр түрлі алыпқашпа әңгімелердің көптігі екпе салдыру процесін баяулатып тұр. Дегенмен «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы нық ұстанғандар тәуекелге бел бууда.

Солардың бірі Доссор мәдениет үйінің басшысы Думан Құрмашев 27 мамыр күні өзінің әріптестерімен бірге COVID-19 ға қарсы "Спутник-V" вакцинасын салдырды.

Ол екпе алғаннан кейін денсаулық ахуалында қандай да бір өзгерістер байқалмайтынын айтып, індетке қарсы төтеп беру үшін денінің саулығын ойлаған әрбір мәдениет және өнер қызметкерлерін вакцинация салдыруға шақыратынын айтты.

Ауданымызға 1 ақпаннан бері “Спутник V” вакцинасының 1550 дозасы жеткізіліп, бүгінде оның 1073-і егілген. Бұл жоспардың 70 пайызы ғана орындалғанын білдіреді. Бүгінде жыл басынан бері ауданда COVID жұқтырған 83 адам тіркелген. Оның 39-ы Мақат, 41-Доссор және 3-еуі Бәйгетөбе ауылдық округінен анықталған. Ал бүгінде төрт адам аудандық орталық аурухананың инфекция бөлімшесінде ем қабылдауда.

 «МТ»

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521