Бір тәулікте 737 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

(0 Votes)

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

24 мамырдағы мәлімет бойынша "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 737 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 38 медицина қызметкері, 27 педагог, 2 полиция қызметкері, 15 студент, 8 құқық қорғау органдарының қызметкері, 6 мемлекеттік қызметкер, 1 адам созылмалы аурумен, 640 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 24 мамыр аралығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 50 604 адам вакцинацияланды.

Вакциналардың II компонентімен 20 314 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521