COVID-19: Ауданда 5 адамнан вирус анықталды

(0 Votes)

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 307 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 155 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды. Жылыой ауданында - 25, Индер ауданында - 2, Исатай ауданында - 32, Қызылқоға ауданында - 12, Құрманғазы ауданында - 9, Мақат ауданында - 5 және Махамбет ауданында - 13 адамнан анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 154 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 137 адам емделді.


Қазір 8 635 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 179, екінші облыстық ауруханада – 180 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 62, кардиоорталықта - 98, т/ж ауруханасында - 85 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 142, жатақханада - 85,
аудандық инфекциялық стационарларда - 339. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 398 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT