Атырау облысында бір тәулікте 480 адам Covid-19 жұқтырған

(0 Votes)

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 480 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 406 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 1 науқас, Индер ауданында – 10, Қызылқоға ауданында – 6, Құрманғазы ауданында – 10, Мақат ауданында – 1, Махамбет ауданында – 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 316 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 164 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 60 адам емделді.

Қазір 3839 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 207, екінші облыстық ауруханада – 197 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 87, кардиоорталықта – 106, т/ж ауруханасында – 93 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 374. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 240 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT