Зердеден зерделенді

(0 Votes)

Жақында республикалық «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары байқауының аудандық кезеңі өтті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген данышпан Абай Құнанбаев адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келген.


Конкурстың негізгі мақсаты да зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік негізде өтті.
Байқау барысында өз жобаларымен көзге түскен оқушылар облыстық кезеңге жолдама алып, бақ сынады. Облыстық байқау онлайн форматта өтіп, оқушылар өз жұмыстарын "ZOOM" платформасы арқылы қорғады.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптары сан салалы. Бастысы – ізденіске деген оқушылардың құлшыныстары жоғары. Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 6 сынып оқушысы Тілеуқабыл Сұлтанбекұлы өзінің ғылыми зерттеуінде өз атасы туралы сыр шертті. «Менің атам - соғыс қасіретін көрген майдангер» тақырыбында қорғаған жобасы үздіктер қатарынан көрініп,

zerdeden-1

ІІ орынмен марапатталды. Сондай-ақ, аталмыш мектептің 6 сынып оқушысы Мадияр Айтжанұлының таңдаған тақырыбының өзі ерекше. «QR код-екі өлшемді штрих код» жобасында есеп-қисапты тыңғылықты зерттеген. Мектептің 3 сынып оқушысы Дәурен Ерланның «Компьютердің балаларға әсері» тақырыбындағы жобасы екеуі ІІІ орын иеленді.
Ал, М.Баймұханов атындағы орта мектебі оқушыларының зерттеу тақырыптарының да мәні зор. 4 сынып оқушылары Кәусар Мәлікқызы "Қалдықтан дайындалған экологиялық таза ойыншықтар сыры", Тамерлан Ахмет "Итмұрынның пайдасы", Қуандық Темірқұл "Түйе сүтінің, шұбаттың пайдасы" тақырыбындағы жобаларын оза шауып, ІІІ орынға лайық болды.
Оқушыларды дайындаған жетекшілері Малика Сағидолаева, Гүлханым Ибағалиева, Жаңыл Жоламанова, Құралай Дөнентаева, Гүләйім Сисекешова мұндай сайыстар мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттырады дейді.
«Бала – бағбаны ұстаз» деп бекер айтылмаған. Шәкірттің жеке тұлға болып қалыптасуы, ұстаздың шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Білімді ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Ұрпаққа – шабыт сыйлар ұстаздарымыздың еңбектері жарқын болашақтың игілігі.

М.СЕРІКҚЫЗЫ


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT