Ыстық ықылас, жылы кездесу

(0 Votes)

«Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасында «Бақыттымыз бәріміз» тақырыбында психологиялық-педагогикалық апталық болып өтті. Балабақша психологі А. Тайпанова жетекшілік еткен апталық  3 бағытта өрбіді. Оған  ата-аналар, тәрбиеленушілер, педагогтар қатысты.

Апталыққа арқау болған үш тұғырлы тәрбиенің негізгі мақсаты да  отбасы мен балабақшадағы психологиялық байланысы, балаларды тәрбиелеуде жақсы психологиялық қарым-қатынасты орнату болды.

Ата-аналармен «Баланы жақсы көру дегеніміз не?», «Бақытты адам белгісі» тақырыптарында ұтымды талпыныстарға өзара куә болған ата-аналар толғандырған сұрақтарына жауап тапты.

whatsapp-image-2020-01-10-at-17_51_541

Ата-аналар балабақша педагогтарымен бірігіп, тығыз байланыста еңбек етуді жалғастыратындықтарын білдірді. Соңынан «Бала мүсіні» қойылымына қатысып, балалардың жеке тұлға болып қалыптасуындағы үлестерін бағамдады.

Педагогтар арасында «Махаббатымды сыйлаймын» тренингі жүргізілді. Өзін-өзі реттеу, басқару, меншікті психоэмоционалдық жай-күй дағдыларын қалыптастыруға бағытталған шара мақсатына жетті.

 Г.ӘУБЕКЕРОВА,

балабақша әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT