ҰБТ тапсыратын күн белгілі болды

(2 Votes)

Мұнайлы өлкенің түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым күні өтеді.

Биылғы оқу жылында аудандағы 8 мектептен 201 оқушы түлек атанса, оның 137-сі ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Оның ішінде 102 оқушы қазақ, 35 оқушы орыс тілінде тапсырады.

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебіндегі ҰБТ тапсыру нүктесінде оқушылар үшін арнайы 5 аудитория дайындалды. Оларды қажетті құрылғылармен жабдықтау, тест сынағы кезіндегі қауіпсіздік мәселелері толығымен қадағалануда.

Биыл жаңа ереже бойынша мектеп бітіруші түлектер 4 рет тестілеуден өтеді. Наурыз айындағы сынақ бойынша аудан түлектерінің білім сапасы 68,5% құрап отыр. Оның ішінде 7 оқушы 100 ұпайдан жоғары жинаса, 95 оқушы шектік ұпайдан асырған.

Соңғы сынақта оқушылардың бұл көрсеткіші жоғары болатынына сенеміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521