Құрт қайнатып, май шайқауды үйренеді

(2 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде 10 демалыс бейіндік лагері жұмысын бастады.

i

i

i

i

i

Жаз мезгілінің алғашқы демалыс айында 192 оқушы лагерьде кезең-кезеңімен демалатын болады. 1 маусымнан бастау алған он лагерьдің тоғызы «Жас ұлан» патриоттық, «Құрылыс жұмыстары» практикалық, «Ойлан, тап» бастауыш, «Ағаш бұйымдарын өңдеу», «Көркем сөз», «Любителей русского языка», «Киіз үй», «Пікір сайыс сөз додасы», «Let’s learn English together» атты бейіндік лагерлері болса, біреуі мектепішілік «Ақ көгершін» оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне атсалысуда.

«Ақ көгершін» 15 күннен екі ауысым бойынша жұмыс жасайды. Әр ауысымда 40 оқушы «Балапан» және «Балдәурен» отряды бойынша бөлінген. Бұнда 1-8 сынып оқушылары таңертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 17.30-ға дейін уақыттарын көңілді өткізіп ғана қоймай, білімдерін де шыңдауға мүмкіндіктері бар. Мектепте «Киіз үй» лагері биыл аудан әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өз жұмысын бастады. Аталмыш лагерь киіз үйдің тарихын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеткізуді мақсат етеді. Мұнда сондай-ақ, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер дәріптеліп, оқушылар ұлттық тағамдар дайындап жүр.

Мектепте оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылуда.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521