ҰБТ-ға кіре алмаса немесе балы жойылса талапкер не істеуі керек?

(0 Votes)

Қазақстандық талапкерлер маусым айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмесе де, жоғары оқу орнына түсе алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтар айында тапсырған және шектік балл алған түлектердің жоғарғы оқу орнына ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндіктері бар. 

"Егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырған болсаңыз, онда бұл куәлікпен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсе аласыз", - деді Ұлттық тестілеу орталығы.

Қаңтардағы сертификат егер талапкер тестілеуге кіргізілмеген болса немесе маусымдағы ҰБТ нәтижелері жойылған болса да жарамды.

Биылғы жылы елімізде ҰБТ тапсырудың ережелері күшейтілді.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521