Түлектердің соңғы қоңырауы соғылатын болды

(0 Votes)

Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушыларға аттестат тапсыру рәсімі қалай өтетінін айтып берді.

«Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар. Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді А. Аймағамбетов онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр аттестат тапсыру шараларына қатысты тоқталды.

 «3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған шара аясында бірқатар шектеулер болады.

«Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық масқа тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылады», – деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады.

aikyn.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT