Онкүндік ойдағыдай өтті

(0 Votes)

№2 бастауыш мектебінде Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани  білім беру бағдарламасының маңыздылығын таныту  мақсатында ақпан айының 2-12 аралығында «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндік өткізілді.

Шара оқушылардың бойына ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамытуды мақсат етті. Алғашқы күні оқушылар пән авторы С.Назарбаева туралы бейнебаян тамашалады.

Он күндік аясында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Көрмеде мектеп кітапханашысы Құралай Қуандыққызының  ұйымдастыруымен «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы және С.Назарбаеваның еңбектері. Баланың адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат көздері қойылды.

akmaral-3

Сондай-ақ, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері А.Игорқызы мен Т.Аманқосқызының ұйымдастыруымен апталық барысында шаралар да өткізілді. Атап айтсақ, оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оған оқушылардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды. «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өлең сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан оқушылар оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты.

«Мейірімділік-асыл қасиет», «Өзін-өзі тану-өмірді тану», «Ар-ұждан ілімі» тақырыбында қашықтан танымдық және ашық сабақтар өткізілді. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды шарасы ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі авторы, «Бөбек» қорының негізін қалаушы  Сара Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне орай «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты  шара  ұйымдастырылды.

akmaral-2

Апталық барысында оқушылар мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік өмірдегі негізгі құндылық екендігін жүректерінен өткізіп, сезінді. Үлкенді сыйлау, қамқор болу сияқты қасиеттерін дамыта түсті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында",- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің  жемісі» деген еді.

 

                                                                                                                             А.Игорьқызы,

 №2 бастауыш мектебінің

                                                                                                                өзін-өзі тану мұғалімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT