Ауданымыздағы №2 бастауыш мектебінің түлегі, қазіргі таңда Атырау қаласындағы "SilkWay" мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Нұрсәт Орынбай Нью-Йорк қаласында өткен Copernicus халықаралық математика олимпиадасында қола медаль иегері атанды.
Білім додасының финалы әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Колумбия университетінде өтіп, оған 100-ден астам елден 1000-ға жуық оқушы қатысты. Жас математик Қазақстан намысын абыроймен қорғап, үздік қатысушылар қатарынан көрінді.
Нұрсәттің бұл жетістігі – оның тынымсыз еңбегі мен білімге деген құштарлығының жемісі. Оған ұстаздарының сапалы дайындығы мен ата-анасының қолдауы үлкен демеу болды.
Осы орайда, дарынды шәкіртті аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Кукембаев қабылдап, алғыс хат пен етелік сыйлық табыстады.
“Нұрсәттің жеңісі – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда да биік белестерді бағындырып, еліміздің атын асқақтата береді деп сенеміз”,– дейді оның ұстаздары.
Жас таланттың табысы – аудан жастары үшін үлгі, талаптанғанға мақсаттың да бағынатынын дәлелдеді.
Ж.Қамза