Аталған жоба аясында жыл аяғына дейін 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылады деп күтілеуде. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жастарды қолдау бағытында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу кезеңі ұзартылып, еңбек ақылары да ұлғайтылды. Бұрын жастар практикасына жолданған жастардың еңбек ақысы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсе, қазір 30 айлық көрсеткішке дейін өсті, жұмыс мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін. Алғашқы жұмыс орны жобасына қатысу кезеңінің ұзақтығы 1 жылдан 18 айға дейін, еңбекке төленетін ақы мөлшері 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейіп отыр. Сондай-ақ, биылғы жылдың жаңалығы «Алғашқы жұмыс орнына» ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер де қабылданады,-деді А.Мәмбетов.
Айта кетейік, өткен жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 104 жас жұмысқа орналасқан.