Бәйгетөбелік оқушылар «Елорда дарыны» атанды

(0 Votes)

Астана қаласында «Bilim-Orknieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Елорда дарыны» атты республикалық оқушылар форумы өтті.

Дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату және ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында «Елорда дарыны» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Олардың қатарында Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің 8 сынып оқушысы Тілеуқабыл Сұлтанбекұлы, 9 сынып оқушысы Нұрайна Сағи және 4 сынып оқушысы Ақерке Аманбай бар. Оқушылар І дәрежелі диплом, төсбелгі, Тұңғыш Президент орталығының сыйлық-кітаптарымен марапатталды. Сондай-ақ оқушылардың жетекшілері Салтанат Прзадаева, Эльза Үсенова, Салтанат Ерғалиеваға да алғыс хаттар табысталды.

Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтайтын бұл сайыс елде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға елдің әр түкпірінен 800-ге жуық оқушы қатысып, оның 300-і іріктелген.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз