Атырау Облыстық Білім Басқармасы "Күнделік.kz" электрондық журналы бойынша І тоқсан бойы облыстық Әдістемелік орталық жүргізген рейтингте көш бастаған білім беру ұйымдары басшыларын марапаттады.
Облыстық Білім Беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дюсекенова үздік ондықтан көрінген мектеп басшыларын құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Үздіктер қатарынан Махамбет ауданының бес және ауданымыздың екі мектебі табылды. Kundelik.kz электронды журналын уақтылы толтырып және белсенді қолданған А.Құнанбаев атындағы орта мектебі және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің ұжымы марапатқа бөленді.
Аталмыш мектеп басшылары порталда мұғалімдердің сапалы жұмыс жасап, алдыңғы қатардан көрінуіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен ата-аналарына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, апта сайын жарияланып отыратын рейтинг нәтижесі оқу жылы соңында қорытындыланып, үздік ондық санатынан түспеген мектептерге бағалы сыйлық табыс етіледі.
М.ІЗТҰРҒАНОВА