АТЫРАУЛЫҚ ТӨРТ ОҚУШЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ UNIST УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА ТҮСТІ

(0 Votes)

Қазақстан бойынша оқуға қабылданған 6 оқушының төртеуі Атыраудағы «Білім-инновация» лицейінің шәкірттері, деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

UNIST, яғни, Улсан ұлттық ғылым және технология институты білім деңгейі бойынша әлемдегі ең мықты 200 университеттің қатарына кіреді. Азия бойынша университет білім деңгейі көрсеткішімен 21-ші орында. Енді бұл университетте атыраулық Нұрдаулет Хаженов, Әділ Султанов, Ризабек Алпамыс, Әділет Зауытхан білім алады. Аталған оқушылар республикалық, халықаралық олимпиада байқауларының жүлдегерлері. Айта кетелік, дүниежүзі бойынша небары 15 орынға берілген квотаның төртеуін атыраулық оқушылар жеңіп алып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521