Атыраудағы NIS-те қабылдау комиссиясының жұмысы жалғасуда

(0 Votes)

Атыраудағы NIS-те 2023-2024 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7-сыныпқа қабылдауға арналған комиссияның жұмысы жалғасуда. Күні бүгінге дейін 1000-нан аса оқушы өз құжатын тапсырып үлгерді. Айта кету керек, қабылдау комиссиясында бұрын тәжірибесі бар, құжаттарды қабылдау тәртібін толық меңгерген қызметкерлер құрамы тартылды.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма сағ.09:00-18:00, сенбі күні 09:00-13:00. Түскілік үзіліс сағ.12:00-13:00. Жексенбі демалыс!

Сондай-ақ 2023 жылдың 1, 2, 7 қаңтар күндері мерекелік демалыс.

Қажетті құжаттар тізімі: 

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (арызды қабылдау комиссиясында толтырады);

2) Ата-ана мен оқушы туралы деректер сауалнамасы (қабылдау комиссиясында толтырады);

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады);

5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі (электронды) фотосы (қабылдау комиссиясына келіп түсуі міндетті);

6) Барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 беттік файл папкаға салынады.

Құжаттар мынадай жағдайда қабылданбайды:

1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

Құжат қабылдау 10 қаңтар күні 18:00-де аяқталады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT