Атырау «Күнделік» жүйесінің күміс батырмасын иеленді

(0 Votes)

Атырау облысы «Күнделік» электрондық журналы бойынша оқу жылының қорытындысымен үздік үштікке еніп, «Күміс» батырма иеленді,- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық тамыз мәслихатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев хабарлады.

«Күнделік» электрондық журналы бойынша білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, оқу жылы ішінде жақсы нәтиже көрсетті. 2020 жылғы қыркүйектің 20-25-і аралығындағы республикалық рейтингтің алғашқы нәтижесінде қызыл белдеуде 15-орында тұрған Атырау облысы оқу жылының қорытындысымен үздік үштікке еніп, «Күміс» батырма иеленді. Ал, Bilim Land білім ресурсын қолдану жөнінен республика бойынша Атырау облысы ІІІ орын иеленді»- деді спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521