Әлинұр - көшбасшы

(0 Votes)

Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты міндеті.

Республикалық көлемді қамтып, еліміздегі білім белестерін бағындырған басшылар, мұғалімдер мен оқушыларды жаһанға паш ететін «EDUCATION» баспа үйі көпке танымал. Ол зияткер, озық ойлы, жан-жақты өзін дамытып өсіп келе жатқан жас дарабоздардың келбетін жіпке тізгендей тізбектеп, жеткен жеңіс жолдарын көпшілікке жеткізу мақсатында «XXI ғасыр көшбасшысы» жинағын дәстүрлі жарыққа шығарып келеді.

Бұл жинақта қатарының алды болған озық ойлы озат жастарымыз іріктеліп салынған. Олардың бүгінде жеткен жетістіктері мен алдына қойған мақсат-мұраттары өзгелерге үлгі болмақ.Осындай балалардың қатарындағы Әлинұр Қуаныш аталған жинаққа енген.   Ол ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасының аялаған перзенті, жарқыраған шамшырағы. Зерек, әдепті балдырған мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін №54 балабақшасында тәрбиеленді.

Достарымен тіл табыса білетін, оқуға қабілеті ерекше, өмірге құштар, үй тапсырмасын тыңғылықты орындайтын, Әлинұр №2 аудандық балалар кітапханасының «Тәуелсіздік-білімнің алтын тұғыры» атты ертеңгілігіне белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Алтын ұя мектебінде жұлдыздай жарқырап, мектеп бағдарламасына негізделген барлық сабақты оңай игеріп, жан-жақты қабілетті екендігін көрсетеріне сенім мол. Табанды еңбек пен ізденушілік қабілетін дамыта отырып, жүлделі орындардан көрініп келеді.

Ұлы Қазақ елінің басқа мемлекеттермен терезесі тең болып, өркендеп өсуі үшін өз үлесін қосуды армандайтын ұлан Әлинұр Аманжолұлы келешекте көшбасшы болуды мақсат етеді.

Ол кішкене жүрегінде халық үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын Президент болып, елінің мақтанышына айналуды мұрат етеді.

Жақсы ой жақсы іске жетелейді.Тек қана алға, дарынды жас!

 

А.МАСАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521