«Жыл үздігі - 2020» анықталды

(0 Votes)

Жыл үздігін анықтау жыл сайынғы дәстүр. Биылда бұзылған жоқ. Қайта үздіктердің қарасы қалыңдаған. Жыл бойы талмай еңбек етіп, өз саласында толағай табысқа қол жеткізгендер 25 желтоқсан күні құрметке бөленді.

Бұл күні жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген қызметкерлерге «Жыл үздігі - 2020» номинациясы табысталды. Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Болатбек Сәрсен жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен қызметкерлерді 16 аталым бойынша марапаттап, құттықтады.

uzdik-1

«Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс. Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние. Президент Жолдауларында да үнемі еңбектің мәртебесін көтеруге баса назар аударып отырады. Еңбек адамның беделін асқақтатуға, адал еңбектің нәтижесін көруіне аса зор мән береді»,-деді аудан әкімінің орынбасары  өз құттықтауында.

uzdik-3

Кейін, ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды түрлі аталым бойынша аудан әкімі Шәкір Кейкінұлының атынан марапаттады.

uzdik-4

Атап айтсақ, «Үздік мемлекеттік қызметкер» аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алмагүл Қуатбайқызы, «Үздік мұғалім» М.Баймұханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марияш Балтабайқызы, «Үздік дәрігер» аудандық орталық аурухананың бас медбикесі Шолпан Есенқызы, «Үздік халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері» аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Эльмира Өтебаева, «Үздік әлеуметтік қызметкер» аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Мендіхан Сәрсенқызы, «Үздік кітапханашы» аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Бәтима Сисенқызы, «Үздік ауыл шаруашылығы саласының қызметкері» «Аян» шаруа қожалығының жетекшісі Мадияр Үмбетқалиев, «Үздік мұнайшы» Қарсақ Мұнай дайындау және айдау цехының 4-ші дәрежелі технологиялық сораптар машинисі Арман Бағытжанұлы, «Үздік теміржолшы» Мақат Локоматив депосының машинист нұсқаушысы Жансен Бағытжанұлы, «Үздік газ тасымалдау саласының қызметкері» Мақат желілік өндірістік басқармасының газ компрессорлық қызметінің ауысым инженері Асылжан Қуанышұлы, «Үздік кәсіпкер» «Мырза» фото салонының жетекшісі Асылбек Өтегенұлы, «Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» Мақат АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ УПИ инспекторы полиция капитаны Гүлбану Қуанарқызы, «Үздік коммуналдық қызметкер» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Бауыржан Дәулетұлы, «Үздік мәдениет қызметкері» аудандық мәдениет үйінің режиссері Азамат Қуатұлы, «Үздік спортшы» аудандық балалар мен жасөспірімдер дзюдо жаттықтырушысы Ерлан Тыныштықұлы, «Үздік белсенді жас» Абылайхан Қайырбекұлы мараптталды.

Осылайша ауданымыздың тыныс-тіршілігіне араласып, көркеюуіне септігін тигізіп жүрген қызметкерлердің ерен еңбегі бағаланып, мерейлері өсті.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521