Үгіт-насихат қарқынды жүруде

(0 Votes)

Үгіт-насихат жұмысы кез келген сайлаудағы маңызды кезең болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.

«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов сұхбат берді.

«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен көргіміз келеді» деді Қ.Исмағұлов.

 Штаб басшысы:

-Желтоқсанның он бірінде «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалы жанынан аудандық сайлауалды штабы ашылды. Штаб мүшелері 17 адамнан құралған. Олар аудан тұрғындары арасында лайықты беделге ие мәдениет, білім, ғылым, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.Штаб жанынан өңірдің жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар белсенділері, сондай-ақ жастарымыздың сеніміне ие болған партияның жас жақтастары кірді.

11-24 желтоқсан аралығында барлығы 35 шара өткізілді. Оның  29-ы офлайн, 6 –уы онлайн онда  барлығы: 1740 адам қамтылды.

Енді әрқайсына тоқталсам, «Есіктен  -есікке» акциясы – 7 рет өтсе, оған 385 адам қатысты. 6 рет канвассинг өтіп, 100 адам қатысты. Екі рет экспромт кездесу өтсе, оған 70 адам қамтылып отыр.

Одан өзге  бастауыш партия ұйымының жиналысы мен тікелей эфирге шыққан үміткерлер үгіт-насихаттан өзге талап-тілектерге мән беріп, партия қаперіне алуға ұсыныс етуде.

Е.МЫРЗА

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT