Жомарт күздің сыйы

(0 Votes)

«Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасында балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күздің байлығы көкөніс пен жемістер туралы, алқаптардан жиналатын астық туралы балалардың білімдерін қалыптастыру мақсатында «Жомарт күздің сыйы» атты балалар ертеңгілігі ұйымдастырылды.

Балабақшадағы ІІ-кіші «Гүлдер», «Күншуақ», ортаңғы «Жұлдыздар» топтары тәрбиешілерінің ізденісімен әсем безендірілген зал ішін бейне бір сары алтын жапырақ төгілген орман секілді әсерге бөлеп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекеге сай киінген балалар бал тілімен тақпақтарын айтып, ән, билерін ортаға салды.

Саз жетекшісі Ергенова Динараның сүйемелдеуімен ІІ - кіші «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері «Күзгі орманда» атты музыкалық ертегі қойылымын өте шебер орындаса, «Күзге сәлем», «Собирай урожай», «Алтын күз», «Жомарт күз» топтық әндер шырқалды. «Жемістер мен көкөністер», «Саңырауқұлақтар», «Қолшатыр», «Жапырақтар» билерін көңілдене биледі.

Ертеңгілік соңында күз ханшайымы күздің жомарттылығын паш етіп, балаларға себетке толы жемістерін ұсынды. Шараның өз деңгейінде өтуіне белсене атсалысып, балалардың мерекелік костюмдерін әдемілеп дайындаған ата-аналардың да еңбегі зор. М.КЕНЖИЕВА, «Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасы әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521