Әлемді әбігерге түсірген аты жаман ауру бір саябырсып, басын қайта көтергендей. Аудан бойынша індеттің ілмегіне іліккендердің саны 309-ға жетті.
Оның ішінде Мақат кенті бойынша - 146, Доссор кентінде -158, Бәйгетөбе округінде 5 жағдай тіркелген. Ал, науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандардың саны 1130-ге жетті.
Желтоқсан айының 28-і күнгі мәліметке сүйенсек, Мақат кентінде 2 жағдай тіркеліп, аурухананың инфекциялық бөлімінде бір адам ем қабылдау үстінде. Үй карантинінде -5 адам. Қайтыс болғандардың саны өзгеріссіз (5адам).
А.САДЫКОВ
Сурет: ашық дереккөз