Ауданда «Қыс-2019» республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған 17 мекеме, 143 қызметкер, 30 техника жұмылдырылды.
Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемесінің автокөлік тұрақ алаңында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауылдың тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындар жиылды.
![]()
Шара барысында қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі пысықталды. Аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары мен техникалардың дайындықтарын тексеру мақсатында саптық тұрғызылу өтіп, құрылымдар тексерілді.
![]()
Онда әр мекеменің басшысы мен қызметкерлері сап түзеп, қысқы дайындықтары бойынша есеп берді. Шараға аудан әкімі Шәкір Кейкин арнайы қатысып, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бағалады.
![]()
«Қыс-2019» оқу-жаттығуы нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар, ҚР ІІМ құрылымдық бөлімшелері, азаматтық қорғаныс қызметтері, ұйымдар мен кәсіпорындарға арналған жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізілді. 26 әр түрлі құрал-жабдықтар және инертті материал, 18 тонна құм қоры дайындыққа келтірілді. Аудан бойынша 3800 тонна жанар-жағармай, 13 тонна әр түрлі азық-түлік 305 төсек орын нақтыланды.
![]()
Мекеме қызметкерлері қаһарлы қыста орын алатын төтенше жағдайларға сақадай сай екендіктеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізді.
![]()
Сондай-ақ, құтқарушылар кез келген төтенше жағдайда күш біріктіре алатындарын көрсетті. Сала басшыларының айтуынша, биылғы қысқы маусымға дайындық тыңғылықты.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Сурет автордікі



